МИНСК ҚАЛАСЫНДА ҚАЗАҚ КҮРЕСІНЕН 7-ШІ ƏЛЕМ ЧЕМПИОНАТЫ ӨТТІ

16 октября 2017

Беларусьтің астанасы Минск қаласында қазақ күресінен өткен VII əлем чемпионаты өтті.
Чемпионаттың ашылу салтанатына дүниежүзілік қазақ күресі федерациясының құрметті президенті, аты аңызға айналған палуан Александр Медвед пен федерацияның тағы бір құрметті президенті, спорт жанашыры Қажымқан Мəсімовтің қатысуы доданың беделін арттыра түсті десек артық айтқандық емес шығар.

Сонымен 7-ші əлем чемпионатының жеңімпаздары болған палуандар : Жақсылық Мұсырманов (60 келі, Қазақстан), Али Тұрсынов (70 келі, Ресей), Хамроз Ражабов (80 келі, Тəжікстан), Ерлан Омаров (90 келі, Қазақстан), Талғат Əмренов(+90 келі, Қазақстан) жəне абсолтті салмақта Александр Вахабиак (Беларусь).

Сонымен қатар əйелдер арасында тарихта тұңғыш əлем чемпионы атанғандар: Алтынай Хаби (70 келі, Қазақстан) жəне Отгон Мунхцецег (+70 келі, Моңғолия).

 


Вернуться на уровень выше